Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегі кетпес
далаға.
Ұстаздық еткен
жалықпас
Үйретуден балаға.
(А.Құнанбаев)
Менің
педагогикалық тұжырымдамам
Менің
жұмысымның негізгі түйіні
Мен кім?
Мен,Сулейменова
Меруерт Аманжолқызы 1976 жылы 16 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов
ауданы Амангелді ауылында дүниеге келдім.
1992 жылы
Көкшетау қаласындағы Ж.Мусин атындағы педагогикалық училищесіне түсіп, 1994
жылы бастауыш сынып мұғалімі мамандығы бойынша диплом алып шықтым.
2002 жылы
Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университетіне түсіп, 2007 жылы тарих,география
мұғалімі дипломын алдым.
Не үшін?
Мен педагогикалық
мамандық бойынша 7 жыл білім алдым.Бұл уақыт мені мұғалімдіктің қыр-сырына
баули білді.Педагог-білім беруші тұлға ғана емес, ол тәрбиеші.Сондықтан мен өз
шәкіртеріме білім ғана емес,тәрбиеде беретін шәкірт үлгі ететін ,тұлға болуым
керек.
Не үшін мен
оқытамын,тәрбие беремін?
*Әрбір баланың жеке тұлға болып қалыптасып, өмірдің оң
жолын таңдап алуға,биік шыңдарға жетелеу үшін.
*Әрбір шәкірт сауатты болу үшін.
*Әрбір оқушы терең білімді болу үшін.
*Әрбір оқушыны елінің нағыз патриоты ,болашағы болу үшін.
Марапаттаулар: Құрмет грамотасы
Білім беру
жолындағы жоғарғы біліктілігі мен кәсіби шеберлігі,педагогикалық таланты, көп
жылдар бойы ауданымыздың мәртебесін көтеруде және жас ұрпақ тәрбиесіндегі
қосқан үлесі ,жұмыстағы мақсатты іс-әрекеті мен биік жетістіктері үшін Зеренді ауданы әкімінің құрмет
грамотасымен марапатталды.