«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Уголки ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Уголки отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»  

Мы в соцсетях

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Адал ұрпақ

Уголки негізгі мектебіндегі «Адал ұрпақ» еріктілер клубының

атқарған жұмысы жайында ақпарат

 

Уголки негізгі мектебіндегі «Адал ұрпақ» еріктілер клубының жетекшісі тәлімгер Неғметова Гүлзифа Оразбайқызы,мүшелері 5-9 сынып оқушылары.

«Адал ұрпақ» еріктілер клубының жұмыс жоспары құрылған.Қажетті құжаттар папкасы жинақталған.Жоспар негізінде жұмыс жүргізілуде.

«Адал ұрпақ» еріктілер клубының жұмысын ұйымдастыру мақсатында жұмыс жоспары бекітілді.Үнемі жаңартылып тұратын «Парасатты азамат»бұрышы жасалған.«Парасатты азамат» бұрышында эмблема «Адал ұрпақ» ерікті клубының әнұраны, ұраны орналастырылған.

Ата-аналар үшін мұнда «Адал ұрпақ» еріктілер клубының іс-шараларының жетістіктері, фотосуреттер және балалар суреттері, шығармалары,  жоспарлары да  орналастырылып,жаңартылып отырады .«Сенің құқығың»тақырыбында сынып сағаттары ұйымдастырылды.Ата-аналар жиналысы өткізіліп,ата-аналарды «Адал ұрпақ» еріктілер клубының жұмыс         жоспарымен таныстырылып, «Міндетіміз ортақ-жемқорлықсыз болашақ» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

«Қоғамдық тәртіп негіздері»тақырыбында пікірталас 7-9 сынып оқушылары арасында өткізілді.«Біздің таңдауымыз заңды мемлекет» айлығы 5-9 сыныптар арасында қазан айында өткізілді. «Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі» тақырыбында 1-4 сыныптар арасында қараша айында сурет байқауы ұйымдастырылды.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу» іскерлік ойыны 5-8 сыныптарда желтоқсан айында өткізілді. Жемқорлыққа байланысты театрландырылған қойылым 1-4 сыныптарда ақпан айында ұйымдастырылды. «Мемлекеттік қызмет-елдің мүддесіне адал еңбек» тақырыбында 5-8 сынып оқушылары эссе жазды.Өте жақсы жазған оқушылар мақтау қағазымен марапатталды. Клуб жұмысы жоспар негізінде жыл бойы жүргізіледі.

орындаған:Неғметова Г.О.

 

Жаңартылған күні: 18.03.2019 09:11
Құрылған күні: 18.03.2019 09:11

Текст