Күлше қыз
Режиссер:Аяз ата мен Ақша қар сізге арнап сыныптар биін билейді
(жүргізуші жан-жағына қарап аң таң болады,ешкім жоқ тым тырыс)
Режиссер:Түсінбедім,барлығы қайда кеткен?Менің кейіпкерлерім қайда?
(Осы кезде сахнаның екінші бөлігінде Күлше қыз бен оның өгей шешесі көрінеді,анасы Күлше қызға ренішін айтып жатыр екен)
Анасы:Сен менің қызымсың,сол себепті сен үй ішіндегі барлық жұмыстарды орындауың керек,ұйықтамасаң да үйдің жұмысы бітіп тұрсын.
Күлше қыз:Жарайды,анашым.
(Режиссер сол сәтте сахнадан көрінеді)
(Осы уақытта ар жағынан бір қыздың дауысын естиді,қасына қарай жақындаса Күлше қыз екен)
Режиссер:Ау,Күлше қыз.Неге жыладың?Әлде біреу ренжітті ме?Сырыңды бізге айтшы.
Күлше қыз:Иа.Менің анам маған қатаң қарайды,барлық жұмысты істетіп қояды.Мен шаршадым,сосын жылап отырмын.Көңіл-күйім де жоқ,жаңа тағы ұрысты маған.
Режиссер:Иа,Күлше қыз қане бері кел,қазір біз саған мерекелік көңіл-күй сыйлаймыз!Солай емес пе достар,Жаңа жылда би билеп,ән салып жүруіміз керек.Олай болса достар,кім бізге өз өнерлерін көрсетеді?
.......
Режиссер:Сонымен,Күлше қыз ұнады ма?
Күлше қыз:Иә,әрине ұнады
(Осы уақытта ортаға патшалықтан шабарман келіп Күлше қызға кешкі балға шақырту әкеледі)
Режиссер:Күлше қыз сені кешкі балға шақыртты,қане киімдеріңді дайындап,балға жинал.
Күлше қыз:Мен жиналар едім,бірақ анам жұмысты аяқтамай ешқайда бара алмаймын (деп Күлше қыз мұңаяды)Ханзаданың балына да бара алмаймын.
Режиссер:Иә жұмыстарың көп екен,бірақ мұңайма Күлше қыз біз осы жерде отырған достарымызбен бірге саған көмектесеміз.Қане,достар!Бәріміз бірігіп билеп жүріп Күлше қызға көмектесейік.(Ән қосылып,зал ішіндегі балалар шығып Күлше қызға көмектеседі)